Қытайдың Ханчжоу шаһарындағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына джиу-джитсудан кезекті күміс медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Джиу-джитсудан 57 келі салмақта финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезкеден 0:2 көрсеткішімен ұтылған Галина Дуванова 2-орынға ие болып, Азиаданың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетсек, Г.Дуванова - әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері.