• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қазан, 2023

Азиада-2023: Қазақстанның қос спортшысы қоржынға қола салды

191 рет
көрсетілді

Ханчжоу (Қытай) шаһарындағы дүбірлеген Азиада додасында слаломда ескек есуден жартылай финалда Қазақстанның қос спортшысы қоржынға қос қола салды, деп жазады Egemen.kz.

Отандасымыз Александр Куликов ерлер арасында слаломды есуден 97.04 секундтық көрсеткішпен тұғырлы үшінші орынды иеленіп, Азиаданың қола жүлдегері атанды.

Қыздар арасында слаломда есуден Қазақстан құрамасының 16 жасар спортшысы Екатерина Таранцева 111.71 секундтық көрсеткішімен Азиаданың қола жүлдесіне ие болды.