• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қазан, 2023

Алтын медаль қайта арманға айналды

265 рет
көрсетілді

Жәмила Бақбергенова Қытайдың Ханчжоу  қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында  күміс медальді місе тұтты. Финалға дейін қарсыластарын айқын еңсерген  ол алтын медаль үшін  белдесуде қырғыз балуаны Айпері Медетқызына 7:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәмиланың күміс медалін қомсынуға әсте болмайды. Өйткені ол 72 келіден бірден олимпиадалық салмақ 76 келіге ауысты. Жаңа салмақта финалға шығу да аз табыс емес.  Бастысы Жәмила олимпиадалық салмақта да өзінің әлеуетті балуан екенін дәлелдей білді.

Қыздар арасында  Азия чемпионатында үш дүркін чемпион атанған  тұңғыш балуан осы Жәмила Бақбергенова.

Өкінішке қарай, жазғы Азия ойындарында қыздарымыз тағы да алтын медальсіз қайтты.