Жер сілкінісі 272 мың тұрғыны бар Герат қаласынан 40 шақырым жерде болды.
Алматылық сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен 13:13-те тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1521 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,9. MPV магнитудасы – 6.4. Тереңдігі –10 км.
Сезілуі туралы мәліметтер тіркелген жоқ.