Каратэші Софья Берульцева ел қоржынын оныншы алтынмен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ханчжоудағы Азия ойындарының финалында 68 келіден жоғары салмақта Берульцева непалдық Арика Гурунды жеңді.
Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 73 медаль бар – 10 алтын, 20 күміс және 44 қола.
Сондай-ақ бүгін, 7 қазан күні Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден Қазақстан құрамасының спортшысы Данияр Юлдашев күміс, каратэші Дидар Әмірәлі тағы бір қола медаль жеңіп алды. Слаломды ескек есуден Анастасия Ананьева күміс медаль жеңіп алды. Мариан Урдабаева джиу-джитсудан қола жүлдегер атанды.