• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2023

Жазғы Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі?

220 рет
көрсетілді

Қытайдың  Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында елімізден барған 524 спортшы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленді. Туризм және спорт министрлігі тарапынан спортшыларға сыйақы беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спортшыларға  мемлекет тарапынан жеткен жетістіктеріне сәйкес  сыйақы беріледі. Мәселен, жазғы Азия ойындарында чемпион болған алтын медаль иегерлері 10 мың АҚШ доллары  мөлшерінде сыйақы алады. Күміс медаль олжалағандарға 5 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерлерге 3 мың АҚШ доллары  беріледі.

Бапкерлер де сыйдан кенде қалмайды. Азия ойындарында шәкірті чемпион атанған жаттықтырушыға 5 мың АҚШ доллары беріледі. Күміс медаль алған спортшының жеке бапкеріне 3 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерді баптаған жаттықтырушы 2 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.