• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қазан, 2023

ҚТЖ 742 адамға заңсыз сыйақы аударып келген

254 рет
көрсетілді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілері анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткердің атына ақшалай қаражат аударып отырған. Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйақыларды беріп отырған.

Қазір заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шара қабылданып жатыр. Сонымен қатар аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.