• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Қазан, 2023

Күн тәртібі бекітілді

201 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лығымен палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 12 қазандағы күн тәртібін бекітті.

Палатаның алдағы отырысында депутат­тар «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заң­­на­ма­лық ак­ті­леріне Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­­ның Ұлт­т­ық қорынан балаларға арнал­ған қа­­ра­­жат­ты есеп­теу, төлеу және пайдалану м­ә­­­се­­ле­лері бо­йынша өзгерістер мен толық­ты­­ру­­­лар ен­гізу туралы» заңды қарайды. Бұл заң Мем­­ле­кет бас­шысының тапсырмасымен әзірленді.

Құжат нормаларына сәйкес, қара­жат тұрғын үй жағдайын жақсартуға, баспана сатып алуға және білім алуға жұм­салады. Бұл ретте шетелде де білім алуға болатынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар «Қазақстан Республи­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қор­­ғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Сенат отырысының күн тәртібіне шы­­­ға­­­рыл­ды. Бұл заң осы салада қазір қол­да­ны­лып жүрген заңнаманы жетілдіруге арналған.

Сондай-ақ отырыс кезінде Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.