Имам, қажы Қабылбек Әліпбайұлының әлеуметтік желіде тараған «шеше деп баласын қараусыз тастап кеткен әйелді айтады» деген пікіріне қатысты Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің уәжін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз қай кезде де әке-шеше деген қасиетті ұғымды қастерлеп, құрмет тұтқан елміз. Ол азаматтың айтқан сөзі жеке өз ойы болар. Бірақ Қазақстан мұмсылмандары діни басқармасы, біз шеше мен ана ұғымын қадір тұтып, қасиет санаймыз. Біз оны кеңінен насихаттап келеміз. Ана, шеше адамды жарық дүниеге әкелген ең ардақтысы. Бір адамның пікірін муфтияттың пікірі деп таңуға болмайды. Қазақтың кез келген құндылығы біз үшін қасиетті саналады. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы үнемі уағыздарымызда әке мен шешеге қатысты айтамыз, жазып та жүрміз», деді Н.Тағанұлы.