• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2023

Жезқазғанға әуе қатынасы жиіледі

278 рет
көрсетілді

Ел Президенті мақұлдап, Үкімет бекіткен «Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында көзделген іс-шаралардың бірі – облыс орталығының еліміздің басқа өңірлерімен әуе жолы арқылы байланысын қамтамасыз ету болатын. Бұған дейін қалыптасқан Астана, Алматы, Қарағанды қалаларымен әуе арқылы қатынас қатарына енді Шымкент қаласы да қосылды.

Өйткені 11 қазан­нан бас­тап «Шым­­кент – Жез­қазған – Шымкент» ба­ғы­ты бойынша әуе рейсі «QAZAQ AIR» әуе ком­паниясының канадалық «De-Havilland Dash 8-Q400» замануи ұшағы арқылы әзірге аптасына екі рет, сәрсенбі, жек­­сенбі күн­де­рі қатынайтын болады.

Бұл бағытты облыс әкім­дігі бюджет қаржысы есе­бі­нен субсидия жасау арқылы жүзеге асырады.

– Билет құны 15 мың теңге болып белгіленді. 14 жасқа толмаған балалар елу пайыз жеңілдікті пайдалана алады. Біздің ойымызша бұл – қалтаға салмақ түсірмейтін баға, – дейді Ұлытау облысы жо­лаушылар көлігі және ав­токөлік жолдары басқар­ма­сының бөлім басшысы Ернұр Еділбаев.

Бұрын Ұлытау жақтан Шым­­кентке тікелей автокөлік те, пойыз да қаты­намағанын ескерсек, баратын жерге бар-жоғы 1 сағат 40 минутта зыр еткізетін ұшақтың билет бағасы шынында да қымбат деуге келмейді.

Алдағы уақытта Жез­қаз­ған әуе­жайынан сан ба­ғытқа ұша­тын ұшақ­тар кө­бейе түспек. Өйткені қазір об­лыс бас­шылығы халық сұра­нысына сәйкес Өскемен, Балқаш, Ақтау қала­ларына әуе қатынасын жолға қою мә­се­лесі реттеу ба­ғытында жұ­мыс іс­теп жатыр.

 

Ұлытау облысы