Мемлекет басшысының өкімімен Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Дмитрий Михайлович Малахов бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып, Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.