ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Қызылорда облысында діндар әйелдер арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әр-түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арнайы жобасы аясында, 2023 жылдың 02-06 қазанаралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараларға төмендегі РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты:
1. Сейтжанова Гүлбану Орынбасарқызы – Ұлытау облысы, «Қоғамдық келісім орталығы»КММ директоры, психолог; 2. Рыскиева Айымжан Абуовна – Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак ЕИМУ Философия кафедрасыныңмеңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты; 3. Қанапия Жадыра Манатқызы – Ұлытау облысы, «Діндерді зерттеу орталығы» КММ директоры; 4. Аяғанова Алмагүл Жанаділқызы – Қызылорда қаласы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты; 5. Шакимова Лола Сергеевна – Астана қаласы,ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, ҰҚК отставкадағы подполковнигі, психология маманы, сарапшы.2023 жылғы 02-06 қазан аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Қызылорда облысы бойынша студент қыздармен, әйел мұғалімдермен, жазасын өтеушілермен, мекеменің әйел қызметкерлерімен «Қазіргі қазақ қоғамындағы қыз баланың рөлі», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Зайырлы мемлекеттің сипаттары және қоғамдағы қыз баланың рөлі» т.б. тақырыптар аясында кездесулер мен семинарлар өтті.