• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Дін 11 Қазан, 2023

Қызылорда облысында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының семинары өтті

243 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Қызылорда облысы дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2023 жылдың 02-06 қазан аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алубағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.

Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар,  исламтанушылар) қатысты:

1. Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы – Қызылорда облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»КММ қызметкері; 2. Тұрапбай Марат Нұрғалиұлы – Ұлытау облысы, «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің қызметкері; 3. Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы – Шымкент қаласы, «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ басшысы, дінтанушы, теолог; 4. Тілләбек Саян Аднабекұлы – Шымкент қаласы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкері.

2023 жылғы 02-06 қазан аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында Қызылорда қаласында, Бұқарбай, Еңбек, Абай, Қызылжарма ауылдарында колледжерде ұстаздар мен студенттермен, мәдениет үйлерінде ауыл тұрғындарымен, емхана дәрігерлерімен, аурухана қызметкерлерімен, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен, жаттықтырушылар мен спортшылармен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Радикалды діни ағымдардың зайырлы қоғамға әсері», «Діни радикализмнің зардаптары», «Жат діни ағым белгілері, одан сақтану жолдары» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер мен семинарлар өтті.