• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Қазан, 2023

Елордада Жазылушы күні өтті

249 рет
көрсетілді

Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстыратын пош­та қызметінің сапалы болуы аса маңызды. Бүгінде баспасөз бен оқырманның арасында көпір бола білген «Қазпошта» АҚ Жазылушы күнін өткізді.

Дүниенің бір түкпірінен екін­шісіне дейін хат жолдау, ха­барлама, сәлемдеме жеткізу – пошта мекемесі атқаратын мін­дет­тердің бірі. Осы міндеттерді мін­сіз орындаған, талай жылдар бойы қажырлы еңбек етіп келген, қазіргі күнде зейнетке шыққан поштаның құрмет­ті қыз­меткерлері де аталған жиын­ға қатысты.

Шара басында Астана фи­лиалы бизнес жөніндегі директорының орынбасары Әсел Сызды­қова биыл­ғы жылдың 2 қазанынан бас­тап 2024 жылға арналған жазы­лым ашылғанын хабарлады. Сон­дай-ақ барша қауымды Қазпошта­ның 30 жылдығымен құттық­тап өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін науқанда әр басылым өзінің алғашқы жазылушыларына сыйлықтар таратты. Ал Қазпошта ұжымы алғашқы 20 жазылушыға арнайы сертификаттар табыс етті.

Бүгінгі ресми жиынға бір­неше басылым өз өнімдерін алып келіп отыр. Оның ішінде «Қазақ газеттері» ЖШС, «Аstana aqshamy», «Айқын-Литер» ЖШС, «Түркістан» газеті, «Ел­ордалық білім» газеті мен «Ас­таналық әдістеме» журналы, «Мә­дени мұра» және «National Geographic Қазақстан» журналдары бар.

«Жазылым Қазпоштаның дәстүрлі қызметіне айнал­ған. 1980 жылдары электронды ақ­парат құралдары болмаған кез­де, бірден-бір ақпарат көзі газет болатын. Әр отбасы га­зет-журналдарға жазылатын. Сол жыл­дары жазылым тиражы 456 мың дананы құрады. Кейін мем­лекетіміз жаңадан құрылып жат­қан жылдары жазылым бәсеңсіп, тіпті жазылым саны нөлге дейін түсіп кеткен кез­дер де болған. Кейін, бас қала­ны Астанаға көшіру жылдарын­да жа­зылым бірте-бірте қалпына келіп, тың ақпараттар, уақтылы, қы­зықты ұсынылған мате­риалдар алу қа­жеттілігі қай­тадан жаңарды.

Пошташылардың еңбекқор­лығының арқасында пош­та бө­лім­шесі әрқашан өз мін­дет­терін атқарып келеді. Осы орайда, бар­­шаңызға зор денсау­лық, зей­­неткерлерге зейнет уақы­тын­да қызықты өмір тілеймін. Жа­зылушылар күні құтты болсын!», дейді пошта саласына ең­­бегі сіңген зейнеткер Евгения Феликсовна.

Зейнеткер өткен ғасырдың 80-жылдары газет күніне екі мез­гіл жеткізілетінін еске салды.

«Таңертеңгі сегізде және түс­­тен кейін жеткізілетін. Бү­гін­де электронды БАҚ дамы­ған за­манда, көптеген газет цифр­лық форматқа көшуі жазылым бөлімі үшін ауыр болды», деді Е.Феликсовна.

Сондай-ақ жазылушылар­дың арасында ең алғашқы бол­­ған зейнеткер оқырманды ор­та­ға шақырып, сертификат табыс етті.

«Баршаңызды баспасөзге жа­­зылу науқанының басталуы­мен құттықтаймын. Бүгін Қаз­­пошта ұжымы баспасөз шы­ға­ру­шыларды және оқыр­ман­дарды шақырып іс-шара өт­кі­зіп жатыр. Жыл басында қа­зақстандағы танымал мықты га­зеттердің басын біріктіріп «Қа­зақ газеттері» ЖШС құрылған еді. Оның басында бір ғасырдан көп тарихы бар «Егемен Қазақстан» газеті мен «Казахстанская правда» га­зеті тұр. Газеттеріміздің оқыр­ман­дары көбейе берсін. Дәл қазір­гі ақпа­раттың ақтарылып жат­қан заманында газет шығару, бас­пасөзбен айналысу және оны оқырманға оқыту оңай шаруа емес. Дегенмен, осының бар­лығын ысырып қойып, газетке жазылып жатқан барлық оқыр­мандарымызға алғыс айтамыз», деді «Egemen Qazaqstan» газетінің шеф-редакторы Аман­гелді Қияс.

«Мен «Егемен Қазақстан» га­зетіне 2000-жылдан бастап жа­зыл­ғанмын. Қызылорда облы­сының тумасымын. Жал­пы, «Егемен Қазақстан» газетін бар­лық жанұямызбен бірге оқып жүреміз. Бүгін баспа мен оқыр­мандарға арналған үлкен нау­қан болып жатыр екен, алғысымды білдіремін. Газеттердің оқыр­мандары көбейе берсін. Баспа­сөз дами берсін!», дейді «Егемен Қазақстан» газетінің тұрақты оқырманы Талғат Пірімбетов.