Италияның Пула қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Ксения Балабаева әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол блиц сайысында әлем чемпионы атағы үшін тағы бір отандасымыз Әмина Қайырбековадан басым түсті. Ксения рапидтен де құр қол қайтқан жоқ, финалға жетіп, күміс медаль олжалады. Зейнеп Сұлтанбек қола медальді еншіледі. Ерлер арасындағы сында Арыстан Исанжұлов та қола жүлде алды.