• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2010

САУДИЯДА ҚАЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

589 рет
көрсетілді

Қасиетті Меккеде ал­дағы қа­жылық мәселесін талқылау үшін Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дер­бісәлі хазірет баста­ған құра­мында ҚР Мә­дениет министрлігі Дін істері комитеті төраға­сы­ның ор­ынбасары Жан­бо­лат Мұхамет­қалиев, ҚМДБ-ның қажылық бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Қарақұлов бар делегация Сауд Ара­биясы Король­ді­гінде Қа­жылық минис­трі доктор Абд ас-Салам әл-Фа­ри­сидің арнайы шақыруы­мен болып қайтты. Сапар Ұлы Жеңіс кү­ніне тұс келгендіктен Дін­басы әуелі қасиетті Мек­кеде, мүбарак Қағ­ба­да еліміздің тәуел­сіз­дігі мен азаттығы жолында құр­бан болған шейіттерге құран ба­ғыштады. Сондай-ақ ел тыныш­тығы мен ынтымағы үшін дұға жасады. Елін, жерін қорғап елге аман-есен оралған бауырлары­мыз­ға Алла тағаладан ұзақ ғұмыр тіледі: “Жарық күндеріңізді Жа­ратушы Иеміз көбейтсін, ырыс­тарыңызды молайтсын, Отаны­мыз­ға жар болсын. Аман бо­лы­ңыздар. Өсіріп отырған ұл-қызда­рыңыз, немере-шөберелеріңізге Қазақстанына, халқына аянбай қызмет етуді Алла тағала нәсіп етсін”. Мұндай шара Саудияда тұңғыш рет ұйымдастырылды. Бас мүфти бастаған делега­ция­ны Қажылық министрінің бі­рінші орынбасары, қажылық мә­селесіне тікелей жауапты Хатам бин Хасан ал-Қади қабылдады. Бас мүфти Сауд еліне Қазақстан мұсылмандарының сәлемін жет­кізді. Ал Қажылық министр­лі­гінің басшылығы Бас мүфтиге екі ел арасында қалыптасқан дәс­түрлі саяси, мәдени, рухани дос­тықпен қатар, қажылық мәселе­ле­ріне де өздерінің үлкен мән беретінін және Қазақстан тара­пының алдын ала жүргізген дайындық жұмыстарының нәти­жесінде Қазақстан қажыларының жыл сайын ұйымдасқан түрде келіп, қайтып жүргенін атап өтті. Өткен жылы Қазақстаннан кел­ген қажылардың өз парыздарын өтеп, аман-есен елдеріне орал­ғанын, бұл үшін Сауд Арабия­сының тиісті министрліктері мен жауап­ты кісілері де күш жұмсап отыр­ғанына тоқталды. Делегацияны Жидда қаласын­да Қажылық министрлігіне қа­расты “Бірлескен өкілдер кең­се­сі” бастығының жоспарлау жө­нін­дегі орынбасары Фаруһ Яхья Бұхари де қабылдады. Кездесуде еліміз қажыларын биыл да күтіп алып, барынша жоғары деңгейде қызмет көрсету жолдары талқы­лан­ды. Сауд жағы қажылық мә­се­лелерімен айналысатын қа­зақ­стандық арнайы миссиясының болуы керек екендігін, оның Жид­да, Мекке мен Медина қала­ларына қажылық маусымы бас­талмай тұрып, ертерек келу керектігін ескертті. Миссия – қазақстандық қа­жыларға Жидда, Мекке, Ме­ди­нада практикалық көмек көрсету үшін құрылатын топ. Оған Мә­де­­ниет министрлігі Дін істері комитеті басшылығы мен ҚМДБ өкілі, Сауд Арабиясындағы Қа­зақстан елшілігінің консулы, діни қыз­мет­керлер, дәрігерлер және жур­налистер кіреді. Миссияның мін­деті Қазақ елі қажыларына дер кезінде тиісті көмек көрсетуі. Сұхбат барысында Фарух Яхья Бұхари мырза әр қажының жеке карточкасының болуына көңіл аударды. Оны әр фирма өз қажыларына құжат ретінде беруі тиіс. Онда төмендегі деректер көрсетілуі керек: 1) қажының аты-жөні; 2) төлқұжат нөмірі; 3) азаматтығы. Бас мүфти Саудия Қажылық министрлігіне Қазақстан азамат­тарына көрсетіп келе жатқан іл­ти­паты мен достық көмегі, қам­қорлығы үшін алғыс айтты. Қа­зақстан мұсылмандары Сауд елінің қажылық жеңіл өтуіне мән беріп және тиісті дәрежеде қол­ғабыс етіп отырғанын бағалай­тынын мәлімдеді. Саудтықтар биылғы қажы­лық­ты да Қазақстан азаматтары ав­то­буспен емес, дәстүрдегідей, Ал­маты-Жидда-Алматы бағы­тымен тек ұшақпен келіп, кетуді ұсынды. Бұл қажылардың қауіп­сіздігі үшін де тиімді екенін қа­перге салды. Бас мүфти бұл пікірді қостай оты­рып, биыл Қазақстанда қа­жылық мәселесімен айналысуға жиырмадан астам фирма тілек білдіріп отырғанын хабарлады. Саудтықтар Алматыдан тікелей Жиддаға немесе Мединаға келуді жоспарлап отырған фирмалардың ол туралы Сауд жағына күн ілгері ха­барлауын, Мекке мен Меди­нада фирмалардың қажылар үшін жататын орындарды тиісті осы іске жауапты Сауд мекемелерімен келісе отырып жалдауын, кездей­соқ кісілермен қатынас жасамау­ды ескертті. Сонымен қатар бірнеше мәселелерге де тоқталып өтті. Атап айтқанда: 1) Қажылардың жамаратқа (шайтанға тас лақтыратын жер) уақтылы баруы; 2) Ифада тауабы (тауап – араб тілінде бір нәрсені ай­на­луды білдіреді. Ал шариғи ма­ғынасы – қасиетті Қағбаны жеті рет ғиба­дат ниетімен ай­налу. Ол – қа­жы­лар Арафаттан қайт­қаннан кейін жасалады. Тауап – қажылықтың үш па­рызының бірі) уақтылы жа­салуы және оған барғанда қажы­лардың өздерімен артық зат ал­маулары. Өйткені, оның қо­сым­ша қиын­дық туғы­зуы мүмкін. 3) Қонақүй (Мекке яки Ме­динада болсын) туралы құжаттың болуы; 4) Қазақстандық фирмалар тізімін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Сауд жағына күн ілгері жіберуі; 5) Фирмалардың шатыр (Ми­нада қажылар тұратын арнайы шатырлар) орындарын ертерек таңдап алуы; 6) Қажылық миссиясы құра­мын­да келген қазақстандық дәрі­герлерді Саудияның Денсаулық сақтау министрлігіне, ал журна­листерді Ақпарат министрлігіне алдын ала ертерек тіркеу; 7) Фирмалардың әуежол дәліздерін күн ілгері алып қоюы. Осы іске жауапты кісілердің Қа­зақстан қажыларының ұшақтары келетін мерзімін күн ілгері анық­тап, Сауд жағымен үйлестіріп отыруы. Сауд Арабиясы биыл Қазақ­станға 4000 қажыға квота бөлді, бірақ, егер Қазақстаннан үміткер­лер одан асып жатса, қосымша тағы да квота бөлінетіндігін мә­лім­­деді. Квота тегін орындар емес. Қазақстан тарапы өз кезе­гін­де қажылардың 60 пайызы Ме­дина қаласына, 40 пайызы Жид­да қаласына келетіндігін айтты. Меккеде Бас мүфти бастаған еліміз делегациясын Түркия, Еуропа, Америка және Аустралия мұсылмандары департаментінің бастығы Абд әл-Азиз бин Омар Әла ад-Дин де қабылдады. Мұнда департамент басшылығы өткен жылы Қазақстанның бірнеше туристік фирмалары алып келген қажылардың өздері тұрған ша­тыр­ларды сызып, түрлі жазулар жазғанын, мұны Корольдіктің тәртіп бұзу деп есептейтінін және бұған тиісті фирмалар айыппұл төлеу керек екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ “Робинзон”, “Асыл мақсат” және “Ер-Си тур и Ко” фирмаларына биыл виза беріл­мейтінін хабарлады. Мұның себе­бін былай деп түсіндірді: 1) “Робинзон” фирмасы ме­желі уақытта қайтпай, қажылары бірнеше күнге қалып қойған. 2) “Асыл мақсат” алған квотасын (260) толтыра алмай, 63 қажы кем алып барған. 3) “Ер-Си тур и Ко” да алған кво­тасын (150) орындай алмай, 24 қажы кем апарған. Аталған фир­малар Сауд жағына тіпті түсі­ніктеме де бермеген. Квота ор­ын­далмауы Саудия жағын шығынға батырған. Аталған мәселелерге тікелей осы фирмалар кінәлі деп есептейтіндерін айтты. Сол се­бепті әр фирма Діни басқармадан квота сұраған кезде өз мүмк­ін­шіліктерін мұқият ескеруі керек еді деді. Меккеде сондай-ақ Бас көлік ассоциациясының бастығы Му­хам­мад Закария бин Хасан Жау­һаржи мырзамен де сұхбат өтті. Онда Қазақстан негізінен қажы­ларын Мина, Арафат, Мұзда­лифа, Жидда-Мекке-Медина-Мек­ке-Жидда, Медина-Мекке-Ме­дина бағытында тасымалдау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар екі тарап та бұл салада тиісінше қызмет көрсетіліп келе жатқандығын атап көрсетті. Мединада Қажылық министр­лігінің Қажылық департаментінің бастығы Юсуф бин Ахмад Хаууа­ла мырза бастаған департамент қызметкерлерімен келіссөздер болды. Оның барысында Бас мүф­ти биыл қажыларға бөлінген кво­таның саны 4000, қажы­лық­пен айналысуға жиырмадан астам фирмалар ниет білдіріп отыр­ға­нын, Қазақстан қажыларының дәс­түрдегідей қажылыққа Алма­ты-Жидда-Алматы және Алматы-Медина-Алматы бағытымен тек қана ұшақпен келіп, кететінін тағы да еске салды. Саудия жағы Қазақстан фир­ма­ларының Мединада қонақүй жалдағаннан кейін ол жайлы өз департаменттеріне алдын ала мә­лімет беруін және Мединадан қа­жылық үшін Мекке қаласына ат­танатын ең соңғы күн зулхижжа айының 5 жұлдызы, яғни қара­ша­ның 11-і және Меккеден Ме­дина қаласына аттану зулхижжа айының 14 жұлдызы, яғни қара­шаның 20-нан басталатынын ес­кертті. Сонымен қатар Қазақстан миссиясы тиісті шаһарларда тұ­ратын мекен-жайдың күні бұрын таңдалып, миссияға жедел жәр­дем, телефон, факс, электронды пошта алып, миссия орналасқан ғимарат алдына Қазақстан туы­ның ілулі тұру қажеттігін қаперге салды. Бұған қоса бірқатар өзге де мә­селелер талқыланды. Сауд Ара­биясы Корольдігінен фирма­лар бастаған қажылардың аттану мерзімін нақты бекіту, әуежайда, департаментте, т.б. тиісті жер­лер­де қажылық миссиясы өкіл­дерінің дер кезінде болулары, Қа­зақстан қажылық миссиясының байланыс телефондарын Медина қаласындағы қажылық департа­ментіне беру, Қазақстан қажы­ларын әкелетін және әкететін ұшақ рейстерінің кестеге сай болуы сияқты жәйттер егжей-тегжейлі талқыланды. Саудия жағы Қазақстан қа­жы­ларының шектен тыс зәмзәм суын ала бермеуін, бұдан бір жыл бұрын зәмзәм суын қажылардың көп алуына байланысты ұшақтың әрең көтерілгенін ескертті. Сау­дия жағы Қазақстан мұсылман­дары басшылығына қажылықты жыл сайын жоғары деңгейде ұй­ымдастырып жүргенін атай оты­рып, биыл да биіктен көрінеді деген сенім білдірді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.