• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қазан, 2023

Нұрғиса Тілендиев жылы

572 рет
көрсетілді

Әзербайжанның Шуша қаласында ТҮРКСОЙ-дың Тұрақты кеңесінің 40-отырысы өтті. Оты­рысқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ұйымға мүше мемлекеттердің өкiлдерi қатысты.

Іс-шараға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Мәдениет комитетінің төрағасы қатысты.

Кеңестiң қорытындылары бойынша Шуша декларациясына қол қойылды. Құжатта ұйымның негізгі даму бағыттары айқындалған. Сондай-ақ 2025 жылғы Түркі әлемінің Мәдени астанасы болып Ақтау қаласы бекітілді. Бұған қоса, ТҮРКСОЙ-дың атаулы жылдары аясында 2025 жыл – композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиев жылы болып жарияланды.

Айта кетейік, келесі жылы аңыз-тұлғаның ғасырлық мерейтойы атап өтіледі.