• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Қазан, 2023

Астанада Байқоңыр ауданының әкімі тағайындалды

314 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл қызметке  Талғат Рахманберді тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол еңбек жолын 2004 жылы «Жамбыл облысының студенттер мен жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінен бастаған (Тараз қ.). Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды, ҚР Бас прокуратура институтының (Астана қ.) қылмыстық процестің және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша біліктілікті арттыру бөлімінде аға прокурор, «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылдың сәуірінен 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы сәуірден бастап «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары «Астана қаласының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы, қала әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.