• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қазан, 2023

Илон Масктың жаңа платформасына Президент қаржы сал демеді

220 рет
көрсетілді

Жақында әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын  Илон Маск жасаған инвестициялық платформаға инвестиция салуға шақырған видеосы тарады. Бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал сарапшылары бейнені онлайн-депфакт детекторы арқылы тексеріп, бейненің нейрондық желі арқылы жасалғанын анықтады.

БАҚ-та Илон Маск пен Қазақстан Республикасының Үкіметі қандай да бір инвестициялық платформаны бірлесіп әзірлегені туралы ақпарат жоқ. Мұндай хабарламалар Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында жарияланбаған.

Интернетте Илон Масктың инвестициялық платформасы туралы көптеген жарияланымдар бар. Илон Маск пассивті кіріс үшін ешқандай платформа құрған жоқ. Ал мұндай стартаптарға ақша салуға шақыру кибералаяқтардың жұмысы екені белгілі.

«Желіде желдей есіп жүрген хабарға сенудің қажеті жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен түсірілген видео фейк және Илон Масктың ешқандай инвестициялық платформасы жоқ», деп хабарлады портал.