• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 19 Қазан, 2023

Қор нарығында доллар қымбаттады

149 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,37 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 479,40 теңгені құрайды. Ұлттық банктің 19 қазандағы бір долларға арналған ресми бағамы  477,99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 477,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,3 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 482 теңге.