• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Мәдениет 19 Қазан, 2023

Тұмар ханшайым бейнесі

377 рет
көрсетілді

Ақтауда қазіргі заманға сай интерпретацияланған этностық «Bozjyra Fashion Week» сән көрсетілімінің II маусымы өтті.

Сән көрсетілімінде сақ-масса­геттердің аты аңызға айналған ханшайымы Тұмардың образы ұлық­талды. Ханшайымның есімі парсы патшасы Кирді шайқаста ойсырата жеңумен тарихта қал­ған. Тұмар ханшайым көшпелі тайпалардың басын құрап, жауларына лайықты тойтарыс беріп, халқының бостандығын сақтаған.

«Bozjyra Fashion Week» көр­сетілімі арқылы тарихта өшпес із қал­дырған түркі әлемінің нағыз батырлары туралы айтқымыз келе­ді. Бұл батырлар бүкіл халықты достықпен, бостандық рухымен, бір-біріне және түркі мұрасына махаббатпен біріктіре білген тұлғалар. Бұл маусымда еліміздің және шет­ел­дік дизайнерлер қатысатын үлкен Fashion Show өткіздік», дейді ұйым­дастырушы Лурена Доскеева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Bozjyra Fashion Week» сән апталығын өткізудегі тағы да бір негізгі мақсат – өз істерін жаңадан бастап жатқан талантты дизайнерлерге қолдау көрсету.

«Ақтау қаласында мұндай ап­талық кең ауқымда алғаш рет өтті. Бұл болашақта әлемдегі этностық сәнге әсер ететін тұтас қа­уымдастық құра алатын түр­кі әлемінің брендтері мен дизайнер­лерінің бірегей коллаборациясын құрудың тамаша мүмкіндігі», дейді PR-маман және «Collabo Me» шығармашылық коллаборация агенттігінің бас директоры Жәмила Хангелдина.

Сонымен қатар қазақстандық зергерлік бұйымдар бренді премиум топтамасын алғаш рет көр­сетті. Бұл гауһар тастармен бе­зен­дірілген таза күмістен жасалған шы­ғарылымы шектеулі жаңа топтама. «Өйткені күміс – құнды металл, ал гауһар – ең бағалы тас. Біздің дизайн қазіргі қазақ әйе­­лінің эстетикалық түйсігімен ты­ғыз байланысты. Махаббат, өнер, дәстүрді әр әшекей өзімен бірге «алып» жүреді. Біз заманға сай интерпретацияланған тарихи тамыры бар әшекейлерді жасаймыз», дейді «Dimash Silver»зергерлік бұйым­дар брендінің негізін қалау­шысы Алтынай Әшірбаева.