Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов қанатқақты режімде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға дайындығын тексеру мақсатында Батыс Қазақстан облысына барды.
Өңірдің Қаратөбе, Бөкейордасы және Тасқала аудандары әкімдерінің тікелей сайлауына дайындығымен танысқан ОСК өкілі аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетті.
Аудандардағы кеңестерде жергілікті атқарушы, прокуратура органдарының, полиция бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының есептері тыңдалды.
Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында сайлау үдерісінің құқықтық негіздеріне оқыту, аудан әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері кеңінен сөз болды. Сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына байланысты тәжірибелік жағдайлар да талданды.
Оқыту семинары барысында ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауда ешқандай кедергі болмауға тиіс екенін атап өтіп, сайлау учаскелерін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, оның ішінде электр қуатының, телефон және интернет қосылымының резервті көздерімен қамтамасыз ету бөлігінде сапалы дайындық жұмысын жүргізуді тапсырды. Ол сондай-ақ сайлау учаскелерінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ ОСК өкілі алдағы сайлау науқанына қатысатын барлық ауылдағы сайлау учаскелерінің дайындығын тексеріп, сайлау комиссиялары мүшелерінің өзекті сұрақтарына жауап берді.