Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Жиынға қатысушылар Шымкент және Алматы қалаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, IT-сала мен ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарға салық салу мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар еліміздің тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту шаралары қаралды.