• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қазан, 2023

Әлеуметтік төлемдер мөлшері артады

218 рет
көрсетілді

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемле­кеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.

Аталған қаражат еңбекке қабілет­тілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айы­рылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеу­меттік кодекске сәйкес Үкімет еңбекке қабі­леттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.