Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV жазғы Азия пара ойындарында жерлесіміз Ақмарал Науатбек чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек финалдық белдесуге дейін қарсыластарын айқын ұтты. Алтын медаль үшін күресте Қытай қызы Ли Личинді жеңіді.
«Ақмаралдың жеңіске деген жігері ерекше, оның осы ерен еңбегімен жеткен жетістігі үшін алғыс айтамын, жеңіс оңай келмейді», деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.