• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жануарлар 24 Қазан, 2023

Арқар саны артып келеді

506 рет
көрсетілді

Маңғыстаудың маң дала­­сының сәнін келті­ретін аңдар­дың бірі – арқар. Пір Бе­кеттің асырауында бол­ған тү­лік саналатындықтан өңір тұрғындарының ұғы­мында арқарға деген құрмет айрықша. Бір жылдары әртүрлі себеп­пен саны азай­ған ар­қардың басы қазір қай­та көбейіп келеді.

Қазанның мамыражай бір ап­талығында тау мен тас­­ты мекен еткен арқар­лар­­­ға санақ жүргізілді. Нақ­тырақ айтсақ, барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тарда «Охотзоопром» ӨБ РМҚК және Зоо­логиялық инсти­ту­тының қыз­меткерлері тарапы­нан жоспар­ға сәйкес санақ жұмыстары жүрді. Санақ нә­тижесінде Қызыл кітапқа енген, жойылу қаупі бар тұяқты жабайы аңдардың, соның ішінде арқар санының өскені бай­қал­ды. Соңғы үш жыл бойын­ша өсім саны 18%-ды құ­райды. 2021 жылы арқарлар саны 861, 2022 жылы 1026 болса, 2023 жылы 1059 басқа артқан.

Маңғыстау облысы аума­ғында 1 өңірлік табиғи «Қы­зылсай» паркі, «Жабайұшқан», «Манашы», «Тасорпа», «Адам­тас» сынды өңір­лік та­биғи қау­малдар бар. Қау­мал қыз­мет­керлерінің еңбегі нәти­же­сінде 2023 жылы қаумал аумақ­тары бойынша 42 бұлақ көзі ашылды. Қолдан суару әді­сімен құдық басына астау орнатылып, сырты қоршалды. Рейдтік шаралар үздіксіз жүр­гізіліп, өрт қауіпсіздігі бойынша бақылау күшейтілді.

Арқар санының артуы да­ла аң­дарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың же­місі деуге негіз бар.

 

Маңғыстау облысы