• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Технология 24 Қазан, 2023

ІТ білімдегі GPT технологиялары

277 рет
көрсетілді

«Яндекс Қазақстан» IT білім беру нарығына GPT технологияларын енгізді. Халыққа IT саласындағы жаңа мамандықты игеруге көмектесетін «Яндекс Практикум» онлайн білім беру қызметі студенттерге арналған генеративті ке­ңестерді іске қосты. Бұл туралы «Digital Bridge 2023» форумының «Жедел­детілген оқыту: білім берудегі GPT сын-қа­тер­лері мен мүмкіндіктері» па­нельдік сессиясында Илья Курмышев хабарлады. «Яндекс практикум» сту­дент­­теріне арналған гене­ративті кеңестер – елі­міздегі IT білім беру сала­сындағы алғашқы GPT кейсі.

Бүгінде тәжірибеде екі функ­­­­­ция бар – «Нейрондық же­ліде нақтылау» және «Қыс­қаша қайталау». Нейрожелі теорияның кез келген күрделі сәтін өзгеше түсіндіреді және өткен тақырыптарды қайталауға көмектеседі. Егер студент са­бақтың бір бөлігін түсінбесе, мә­тіндегі қажетті фрагментті бө­ліп алып, сценарийді қосымша дереккөздерге қосады. Күздің соңына дейін «YandexGPТ» практикалық тренажерларда пайда болып, нейрондық желі кодтағы қателерді табуға және оларды түсіндіруге көмектеседі.

– Отандастарымыздың білім беру үдерісінде ең зама­науи технологияларды қол­дануға мүм­кіндігі бар екеніне қуа­ныш­­тымын. IT маман­дықтарын оқыту үдерісінде генеративті ней­рондық желілерді пайдалану оқуды одан әрі жекелендіруге және тиімді етуге көмектеседі, – деп түсіндірді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов.

Бұл жоба білім беру бағ­дар­ламаларының сапасын жақ­сартады. «Яндекстің» маши­налық оқыту саласындағы технологиялар мен тәжірибесіне жүгіну – студенттерді ынталандыра түседі. Тіл моделі практикумның теориялық ма­териалдарының желісінде оқы­тылады, ал жауаптардың сапасы мен дәлдігін курс сарапшылары тексереді. Қазір «YandexGPT» тудырған жаңа мүмкіндіктер веб-нұсқада және «Яндекс прак­­­тикумның» мобильді қо­сым­ша­сында қолжетімді.

Бұрын бұл жоба елдің до­мендік аймағында іске қосы­лып, 2023 жылдың тамызында курстарды теңгемен төлеу мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта практикумда отандастарымызға бағдарламалау, деректерді талдау, маркетинг, менеджмент, дизайн және басқа да IT бағыттар бойынша 90-нан аса курс қолжетімді. Тіпті жаңадан бастағандарға, әуесқойларға, осы мамандықта дамығысы келе­тіндерге де арналған жеке курс­тар бар. Оқыту «Яндекстің» жеке технологиялық платформасында өтеді. Бұған қосымша теорияны, практикалық тапсырмаларды портфолиоға салуға болатын қорытынды жобалары да бар.

– Біз «Яндекс практикумында» білікті IT мамандарды даярлауға ықпал ете алаты­нымызды мақтан тұтамыз және сол арқылы Қа­зақстанда IT индустрияның дамуына өз үлесімізді қосамыз. Нейрондық желілік кеңестердің нәтижесінде семинарда оқыту әр студенттің қажеттіліктері мен дайындық деңгейіне бейімделеді, ал цифр­лық дағдылар қолжетімді болады, – деп түсіндірген еді «Яндекс арактикумның» директоры Илья Курмышев.

Қазақстанды цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның маңызды бөлігі – IT саласындағы білім беру. 2025 жылға дейін мемлекетіміз кемінде 100 мың IT кадр даярлауға ниетті. Жұмыс берушілер тарапынан да сұраныс бар. Осы күні ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар елдегі ең сұранысқа ие 5 мамандықтың қатарында. Ста­тистикаға сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда болашақ ІТ мамандарының саны шамамен 30 пайызға өскен. Бұл – жақсы көрсеткіш. Ақпараттандыруды дамытудың айқындаушы перс­пективасы жаңа ІТ мамандарын даярлауды қажет етеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 20 заманауи бағ­дар­­ламалау мектебін ашу, IT бағдарламалау мектептеріне 20 мың ваучер (оқуға грант) бөлу, бейінді университеттердің өңір­лік университеттерге қам­қорлық көрсету сынды істерді атқарып жатыр.