• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қазан, 2023

Кәмилә Досмайыловаға жазғы Азия пара ойындарының күміс медалі бұйырды

216 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия пара ойындарында Кәмилә Досмайылова күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Пара таеквондодан сынға түскен Кәмилә Досмайылова Азия пара ойындарының финалында сүрінді. Ол іріктеу кезеңінде қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль үшін айқаста Иран спортшысы Роза Ибрахимге есе жіберді.