• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қазан, 2023

Нышан Өмірәлі күміс, Әлішер Ғариполлаев қола медаль иеленді

217 рет
көрсетілді

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан VІ жазғы Азия Пара ойындарында таеквондошыларымыз 1 күміс, 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Паратаеквондодан Нышан Өмірәлі 80 келі салмақта (К44) сынға түсіп, финалда Иран балуанына есе жіберді.

Әлішер Ғариполлаев 80 келіден жоғары салмақта  күресіп, жартылай финалда жеңілді. Қола медаль үшін тартыста жапон балуанын айқын басымдықпен жықты.