• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қазан, 2023

Азия пара ойындары: Велоспортшылар қола жүлдеге ие болды

178 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасының пара велоспортшылары Азия пара ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдағы пара веложарыс топтық сайысында ұлттық құрама спортшылары Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев қола медаль жеңіп алды. Олардың уақыт көрсеткіші - 1:42:52.

Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленді (1:35:27), ал күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар еншісінде (1:42:52).