Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.
Еске салайық, бұған дейін Костенко шахтасында 11 кеншінің қаза болғанын хабарлаған едік.