Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қарағанды облысындағы И.Костенко атындағы шахтадағы жағдайға байланысты ауқымды және уақтылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық назарына шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған барлық шаралар туралы ақпарат дер кезінде жеткізіліп отыр. Сонымен қатар жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында уәкілетті мемлекеттік органдар мен тиісті қызметкерлердің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтеді», делінген хабарламада.