• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 29 Қазан, 2023

Каспий жағасынан итбалық өлекселері табылды

212 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Гидробиология және экология институты қызметкерлерінің мәліметінше, Түпқараған түбегінің жағалауында итбалық өлекселері табылды, деп хабарлайды Egemen.kz АқЖайық сайтына сілтеме жасап.

Гистологиялық зерттеумен айналысатын институттың ғылыми қызметкері Жазира Сыдықованың айтуынша, жағдайды бағалау және сынама алу үшін шұғыл экспедиция жіберілген.

Ғалымдар келгенге дейін 51 өлексе Баутино ауылы маңындағы полигонға апарылған. Онда, түбекте қатты ыдырау сатысында бекіре балықтарының 75 түрі табылды.

Оқиға орнына барған институт қызметкерлері зерттеу үшін балықтар мен итбалықтардан сынама алды.

Қаражамбас ауданында (Бозащы түбегі) Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы тағы 48 итбалық өлексесін тауып алған.

«Екі учаскедегі итбалықтардың өлекселері қатты ыдырау сатысында болды. Өлекселерден көгерген немесе механикалық зақымдану іздері табылған жоқ. Жаппай қырылудың себебі әлі анықталған жоқ», деп түсіндірді Жазира Сыдықова.