• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қазан, 2023

Тұңғыш әлем чемпионы

425 рет
көрсетілді

Албания астанасы Тиранада өтіп жат­қан­ 23 жасқа дейінгі балуандар ара­сын­­дағы әлем чемпионатында жер­ле­­сі­міз Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атан­ды.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қыз­метінің мәліметі бойынша, грек-рим күре­сінен 67 кг салмақта өнер көрсететін отан­дасымыз әлем біріншілігінің финалын­да­ түркиялық Мұстафа Йылдырыммен бел­де­сіп, аса тартысты өткен кездесуде Сұлтан қар­сы­ла­сын 2-1 есебімен тізе бүктіріп, 23 жасқа дейінгі балуандардың əлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақ балуаны атанды.

Сұлтан Әсетұлы жаһандық доданың іріктеу сайыс­тарында алдымен украиналық Олег Хали­лов­тан басым түсіп, кейіннен Стив Момилиа (Италия) мен Муслим Имадаевты (Ресей) жарыс жолынан ығыстырды. Жартылай финалда Әзер­байжан балуаны Хасан Маммадлиді айқын басым­дықпен тізе бүктіріп (9-0), финалға жолдама алды. Жарыстың кезекті күнінен кейін Алба­ниядағы әлем чемпионатында Қазақстан қор­жы­нын­да 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.