Мексиканың Канкун қаласында жалауы желбіреген WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылып, Елена Рыбакинаның қарсыластары белгілі болды.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Е.Рыбакина алғаш рет қатысып жатқан жарысында әлемнің 1-ракеткасы Беларусь Арина Соболенко, америкалық Джессика Пегула (5), грекиялық Мария Саккаримен (9) бір топта сынға түседі. Екінші топта Ига Швентек (2), Кори Гауфф (3), Онс Жабер (7), Маркета Вондроушова (6) ойнайды.
Әр топтан үздік шыққан екі теннисші жартылай финалға жолдама алады. Жерлесіміз тұсаукесер кездесуін бүгін таңда Д.Пегуламен өткізді. Екеуі бұған дейін үш рет шеберлік байқасып, екеуінде америкалықтың бағы жанған.