• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 30 Қазан, 2023

Қаза тапқан кеншілер отбасына көрсетілетін көмек

149 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мү­шелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға то­лық­қанды көмек көрсетілетін болады.

Атап айтқанда, келесі қолдау шаралары қарасты­рылған:

– компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;

– моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде бір­жолғы төлем;

– асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);

– Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қорынан жала­қысына байланысты ай сайынғы төлем;

– қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бо­йынша ай сайынғы мемлекеттік жәр­дем­ақы;

– жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;

– жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;

– қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналас­тыру;

– 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;

– қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорт­тық емделуге жолдамалар беру;

–  үйді пешпен жылытатын отба­сыларына жыл сайын көмір бөлу.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қаза тапқан қыз­мет­кер­лерінің отбасыларына бар­лық қажетті көмек көрсету мәселелері ел Үкіметінің ерекше бақылауында болады.