Төтенше жағдайлар қызметі бүкіл қала бойынша электр желісінің жұмысын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Жұлдыз, Шығыс, Астана қалалық, орталық, ПНФ, Степная қосалқы станциялары іске қосылды.
«Өнеркәсіп аймағында, Қазқалашық тұрғын алабы ауданында жұмыс бірнеше минуттан кейін аяқталады», делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше, 29 қазанда елордада электр жарығы сөнген еді.