Мажарстанның бас шаһары Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында каратэден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
50 келіге дейінгі салмақта Қазақстан спортшысы Мөлдір Жаңбырбай еліміздің тарихында каратэден тұңғыш рет әлем чемпионатында құрама қоржынына алтын медаль салды.
60 келіге дейінгі салмақ бойынша Қайсар Алпысбай күміс жүлдені қаңжығасына байлады, ал, 67 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі Дидар Әмірәлі әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.