• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қазан, 2023

Әлемнің күміс жүлдегері

116 рет
көрсетілді

Грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Исхар Курбаев (55 кг) күміс жүлдегер атанды.

Албания астанасы Тирана қаласында өткен дүбірлі додада балуанымыз финалда грузиялық Георгий Тохадземен шеберлік байқасып, қарсыласына есе жіберді. Аталған салмақта түркиялық Адам Бурак Узун мен әзербайжандық Фарид Садихли қола жүлдеге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, екі ай бұрын И.Кур­баев Иордания астанасы Амман қала­сында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді.