• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Қазан, 2023

Кім кінәлі екенін айту қиын: министр Азиаданың нәтижесі туралы айтты

221 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азиаданың қорытындысы туралы журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның мәліметінше, спортшыларымыз енді Олимпиадаға дайындалуға кіріседі.

«Келесі жылдың шілде айына дейін барынша көбірек лицензия алуға талпынатын боламыз. Ал Азиада ойындарының нәтижесіне кімнің кінәлі екенін дәл қазір айта салу қиын. Қорытындыны содан кейін шығарамыз. Әзірге тұспалдай салуға болмайды. Қазір бастысы - спортшыларды Олимпиадаға дайындау жұмыстарын қолға алу қажет», деді министр.

Себебі, жаңа дайындық кезеңі басталған.

«Азия ойындарынан соң бәрін саралап, сараптаймыз. Содан кейін Олимпиадаға жаңа күшпен дайындаламыз», деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Азия ойындарында медаль саны бойынша 11-ші орынды еншілеп, 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) алған болатын.