• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Құрылыс 01 Қараша, 2023

Өнеркәсіп қаласының құрылысы басталды

226 рет
көрсетілді

«Қазақстан-Қытай халықаралық өнер­кә­сіп қа­ласы» ЖШС жобасы «Қорғас-Шығыс қақ­пасы» АЭА аумағында қазу жұмыстарын бас­тады. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құры­лыстың бірінші ке­зеңін іске асырып жатыр. Оның ішінде ин­­женерлік желілер мен магистральдық көшен­нің құрылысы да бар.

Сондай-ақ 2023 жылдың қарашасынан инвес­тор­лар құрылыстың бірінші кезегінде АЭА аума­ғынан тыс әкімшілік ғимараттар мен қонақүй ны­­сандарының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Жобаның мақсаты – индустриалды парк салу, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да өндірістік және логистикалық қызмет көрсетуді ұйым­дас­тыру. Оның жалпы құны 330 млрд теңгені құрап отыр. Жақын елді мекен тұрғындары үшін 2 мың­нан астам жұмыс орны ашылады.

Осы ретте Біріккен ұлттар ұйымының Орта Азия­дағы есірткіге және қылмысқа қарсы күрес бойынша аймақтық басқармасының өкіл­дері Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кіріс­тер депар­таменті «Алтынкөл-жол», «Нұр жолы» кеден бе­кеттерінің және «Қорғас еркін эконо­ми­калық аймағы шығыс қақпасы» жұмысымен та­нысты.

Делегация құрамында БҰҰ-ның Вена қаласын­да­ғы есірткіге қарсы күрес басқармасының шекараны басқару секторының жетекшісі Алан Коул, сол басқарманың үйлестіру бөлімінің басшысы Тофик Муршудлу, аймақтағы өкілі Ашита Миттал, Орталық Азия бойынша бағдарламаның үйлестірушісі Сардор Аташиков болды. Олар есірткіге қарсы күресте атқарылып жатқан жұ­мыстарға, кедендік тексеру мен ресімдеу үде­ріс­терінің заманауи талаптарға сай автоматты жүйеге көшкеніне және кеден бекеттерінің ке­дендік тексерудің озық үлгідегі құралдарымен жаб­дықталу мәселелеріне оң бағаларын берді.

 

Жетісу облысы