• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Мирас 01 Қараша, 2023

Мәскеуді думанға бөлеген «Әл-Әки»

221 рет
көрсетілді

Республика күніне орай Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, мерекелік концертте павло­дарлық «Әл-Әки» фоль­­клорлық-этногра­фия­лық ансамблі өнер көрсетті.

«Әл-Әки» ансамблінің Мәс­кеуде өткен мерекелік іс-шараға ша­қырту алуы кез­дейсоқ емес. Би­ыл құ­рыл­ғанына 30 жыл то­лып отырған өнер ұжымы ре­­сейлік жергілікті шы­ғар­ма­шылық ұжымдармен бе­рік қа­рым-қатынас орнатып үл­герген. Ресейлік өнер­­паз­дар қатысқан талай фоль­клор­лық фестивальдарда өнер көрсетіп, көпшіліктің ыс­­тық ықыласына бөленген. Ер­тіс-Баян даласын ән-жырға қосқан домбырашылар Мәскеу төріндегі іс-шарада шабыттарын шалқытып, ерекше күш-қуатпен шарықтады.

«Осынау салтанатты кеште елордадан барған «Шабыт» домбырашылар ансамблімен бірге сахнада өнер көрсетіп, шығармашылық қарым-қаты­насымызды нығайта түсуге негіз болды. Біздің ұжым Ре­сей жерінде дом­быраның қо­ңыр үнін қашан паш етеді екен деген үміт бар еді. Сол мақсатымыз орын­далғандай. Сал­танатты қабылдауда бір­неше мемлекеттің Ресейдегі елшіліктерінің өкілдері болды. Олар біздің домбырашылар мен әншілеріміздің өнеріне тәнті болды», дейді Павлодардағы Ес­тай атындағы мәдениет са­райының басшысы Сапар Шайхимов.

Айтып өтейік, «Әл-Әки» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетек­шісі – Мәдениет қайраткері Жасқайрат Орынбаев. Ме­ре­келік кеште домбырашы­лар Құрманғазының «Бал­бы­рауыны» мен Н.Тілендиевтің «Әл­қиссасын», өзге де та­ны­мал күйлерді сылқылдата тар­тып, қазақтың белгілі ән­дерін орындады.

Мәскеуге шығармашылық сапары барысында «Әл-Әки» ха­лықтық-фольклорлық ан­самблі ондағы Абай ескерт­кішіне барып, ақынның рухына тағзым етті. Абайдың бұл ескерткіші 2006 жылы Ре­сейдегі Абай жылы аясында, Қазақстан елшілігіне жақын жерде ашылған еді.

 

Мәскеу