• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Қараша, 2023

Энергетикалық байланысқа мүдделі­

160 рет
көрсетілді

АЭС-теріне отын жеткізу мәселесі туындаған тұста уран өндіру бойынша әлемде қай елдің алдыңғы орында екенін Франция жақсы білді.

Қазақстан уранына фран­цуздар 1995 жылы сол кездегі прези­денті Франсуа Миттеран дип­ломатиясының арқасында қол жеткізді. Француз алпауыты «Orano» «Қазатомпроммен» бірлескен кәсіпорын құрып, Мойынқұм мен Төртқұдық кеніштерін игере бастады. Бұл кеніштерден француздар өз АЭС-теріне отын-таблетка құрамасын жасау үшін жылына шамамен 1,8 мың тонна уран алады. Қалғанын төңкеріске дейін Нигерден тасып келді.

Миттеран салған сара жолды Макрон кеңейте ала ма? Бұл – тек Макрон үшін емес, француз ұлты­­ның болашағы үшін маңызды мәселе.

Франция мен Германия – Еуро­одақтың екі локомотиві, ең жетек­ші елі. Екеуі де экологиялық декар­бондалу, яғни көмір-мазут-бен­зин жақпау жолына түсті. Бірақ Гер­мания күн мен жел, жасыл гидроген жолын таңдады. Ал Франция таза атом (ол да жасыл энергия) бағы­тына бет бұрды. Биыл Париж өзінің АЭС реакторларын салатын «EDF» корпорациясын ұлттық меншікке өткізіп, француз үкіметі оны толық бақылауына алды. Енді қазір жұмыс істеп тұрған АЭС-терге қосымша су жаңа EPR-2 типті 14 реактор салмақ. Сонда Франция электр энергиясына деген болашақ сұранысын толық қамтамасыз етеді.

Германия күн мен желді жаңа аккумуля­торлардың көмегімен тұрақ­ты электр генерациясы­­на айналды­рып, көліктерге электр емес, су­тегі­ні пайдаланбақ. Осы орайда, оған керек жасыл гидрогенді Маңғыс­тау­дағы «Hyrasia One» зауыты береді. Маңғыс­тау­сыз 2030 жылы Бер­линде бірде бір көлік орнынан қозғала алмайды.

Ал Францияда 56 атом реак­торы жұмыс істеп тұр. 1996 жылдан бері олардың барлығы Қазақстан уранын жағып келеді. Бұған қоса, жаңа EPR-2 типті 14 реактор салынады. Олар да бізден шығатын уранға есептелген. Бес жылдан кейін Францияда бар­лық электр стансасы жарығын тек атомнан алады. Сондықтан фран­­­цуздар Астанаға бар үмітін үкі­леп келіп отыр.

 

Айбар ОЛЖАЙ,

сарапшы