• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Баға 03 Қараша, 2023

Газ бағасы кезең-кезеңімен жоғарылайды

242 рет
көрсетілді

Таяуда тілшілерге берген сұхбатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған мұнай газының қазіргі бағасы өзіндік құнынан төмен екенін айтып, болашақта біртіндеп қымбаттайтынын жеткізген болатын. «Осылайша, сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен, бірден өсіп кетпейтіндей етіп өзіндік құнына дейін жеткіземіз.

Бұл нарық ойыншыларының шығынына жол бермеу үшін керек. Қазақстанда қазір баға диапазоны бар. Бір литрі – 50-80 теңге аралығында. Дегенмен бұл өнімнің өзіндік құны – кемінде 110 теңге. Қазір ол бағаға бірден көтермейміз, кезең-кезеңімен соған жеткіземіз»,  деді министр.

Расында да, кейінгі күндері еліміз бойынша сұйытылған газға сұраныс арт­ты. Автогаз құю бекеттерінде кезек  күткен көлік қарасы көбейген. Біреу­лер мұ­ның себебін жөндеу жүргізіліп жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытымен ті­ке­­­лей бай­ланыстырады. Қоры сарқыла бастаған кейбір бекет қожайындары лимит қойып әупірімдей бастаса, енді біреулері талон енгізіп, амалдауға көш­кен. Қалай десек те, жолда жүрген жандар үшін жанар-жағармай мен газ­дың тапшы болмағаны һәм қымбаттамағаны жақсы. Біз осы мәселені егжей-тег­жей білу мақсатында өңірлердегі көлік газы бағасының жай-күйін бағамдап көрдік.