• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Қараша, 2023

Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады

165 рет
көрсетілді

Гурбангулы Бердімұхамедов Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біз осы жылдар ішінде сыртқы саясат, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз бойынша құқықтық база қалыптастырдық. Сыртқы саяси мәселеде Сізге алғысымыз шексіз. Сіз біздің бейтарап ұстанымымызды әрдайым қолдап келесіз. Бұдан бөлек Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымында басшылық қызмет істей жүріп, біздің сыртқы саяси бағдарымыз үшін көп жұмыс атқардыңыз. Сол үшін Сізге алғысымыз шексіз, – деді Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы.

Тараптар өзара сауда-саттықта оң динамика бар екенін атап өтіп, энергетика, өнеркәсіп, көлік, логистика және басқа да салалардағы жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.