• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қараша, 2023

Үш күн хабар-ошарсыз кеткен жасөспірім қыз табылды

355 рет
көрсетілді

Семей полицейлері 2 қараша күні сағат 08:30-да колледжге сабаққа кетіп, одан кейін оралмаған 15 жастағы Валерия Ефанованы тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін 4 қарашада ғана хабарлаған. Полициямен және жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексеріп іздеген. Тек сағат 12:00-ге қарай полицейлер қызды тапты.

Қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Оның мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады.