• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Қараша, 2023

Күн тәртібі бекітілді

195 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Депутаттардың талқылауына бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

Заң жобасы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін ретке келтіру, оларды жүргізудің ашықтығын арттыру, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету арқылы кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар қо­ғам­­дық бірлестіктер мәселелеріне қатысты түзетулер бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленді.

Алдағы жалпы отырыста Ресей Үкіметімен мұнай және мұнай өнім­дерін жеткізу саласындағы сауда-эко­номикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу тура­лы хаттаманы ратификациялау ту­ралы заң жобасын қарау көздел­ген. Сондай-ақ экспорттық-кре­дит­тік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ. Құжат «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акцио­нерлік қоғамы экспортты қаржы­лық қолдаудың бірыңғай опера­торы үшін реттеуші режімді қа­лып­­тастыру бойынша Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Палата комитеттері байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері туралы заң жобасын және бірқатар ратифика­ция­ланатын келісімді жұмыс алуды жоспарлап отыр. Олар – Син­гапур Үкіметімен Инвестицияларды көтер­­мелеу мен өзара қорғау туралы және Француз Үкіметімен жаһандық жы­лынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімдер.