• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қараша, 2023

Астаналық команда республикалық турнирде топ жарды

374 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында волейболдан 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тартысты өткен турнирге еліміздің әр аймағынан 12 команда ойыншылары қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Астана қаласындағы №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  волейбол құрамасы турнир чемпионы атанды.

Республикалық турнирдің жеңімпазы атанған 11-12 жас аралығындағы  волейболшыларды ҚР еңбек сіңірген бапкері Қабдыуахит Жайдаров жаттықтырады.