• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 06 Қараша, 2023

Орынбасар жеңіске жетті

215 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының үш ауданында қанатқақты режімде өткен аудан әкімдерінің сайлауы нәтижесі белгілі болды.

Облыстық аумақтық сайлау ко­мис­сия­сының мәліметінше, өңір­дегі сай­лаушылар тізіміне енген 28 897 аза­мат­тың 17 033-і дауыс беру­ге қа­тыс­­қан. Үш аудандағы канди­дат­тар­дың жалпы саны – 9. Яғни әр ауданда әкім лауазымына үш үміткер арасында саяси тартыс болды.

Сонымен, Бөкейордасы ауданы бойынша әуелгі үміткер Мейрамбек Ғилманов сайлаушылардың 782 дауысын жинады. Екінші кандидат Нұрлыбек Даумовқа 4 660 сайлаушы дауыс берген. Ал Нарынбек Кереш алған дауыс саны – 426. Сондай-ақ ауданда 178 сайлаушы «Барлығына қарсымын» деп дауыс берген.

Қаратөбе ауданында өт­кен сай­лау­да Қанат Мұқанов сай­лау­шылардың 557 дауысын алды. Ер­мек Сайынов үшін 448 адам дауыс берді. Қадыржан Сүйеуғалиевке ба­сым көпшілік, яғни 4 329 тұрғын дауыс берген. «Барлығына қарсы» бел­гісі бар бюллетеньдер саны – 115.

Ал Тасқала ауданында Мэлс Нәріков – 1032, Бекжан Тоқжанов – 381, ал Талғат Шакиров 3 138 дауыс жинады. Бұл ауданда 317 адам үш үміткерге де қарсы дауыс берген.

Осылайша, сайлаудың қорытынды нәти­жесімен Бөкейордасына – Нұр­лы­бек Даумов, Қаратөбеге – Қадыржан Сү­йеу­ғалиев, Тасқала ауданына Тал­ғат Шакиров әкім болып сайланды.

Жаңа әкімдердің алғашқы екеуі бұрыннан осы лауазымда болса, Талғат Шакиров бұған дейін Тасқа­ла ауданы әкімінің орынбасары қыз­метін атқарған.

 

Батыс Қазақстан облысы