• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Пікір 07 Қараша, 2023

Халық өз таңдауын жасады

146 рет
көрсетілді

Атырау облысының Исатай және Қызылқоға аудандарында қанатқақты режімде сайлау өтті. Екі ауданның 34 сайлау учаскесінде тіркелген электорат­тың 56 пайызы дауыс берді. Қызылқоға ауданы барынша белсенділік танытты. Сайлауға 57,2 пайыз халық қатысты.

Атырау облысында вахталық режім­дегі өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдар бар. Сайлау кезінде олардың дауыс беруіне жан-жақты жағдай жасалды. Сөйтіп, Исатай ауданын­да – 480, Қызылқоға ауданында 66 вахталық әдіспен еңбек ететін электорат саяси бәсекеге өз үлестерін қосты. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың да жағдайы ескерілді. Оларға арнайы кабиналар, брайл қарпіндегі бюллетендер, аудиожазбалар, сурдоаудар­машылар, ұлғайтқыштар, арнайы компью­терлер қойылды. Сондай-ақ қа­рия­лар, мүмкіндігі шектеулі жандар­дың өті­нішімен үй-жайдан тыс дауыс жинау жүргізілді.

Өңірлердің сайлау учаскесінде 269 байқаушы дауыс беру барысын байқап отырды. Олар сайлау үдерісінің ашық, заңға сәйкес өтуін қадағалады. Исатайда – 127, Қызылқоға ауданында 142 бай­қаушы болды. Жалпы алғанда, орта есеппен әрбір учаскеге 8 байқаушыдан қатысты.

Сайлау заң талаптарына сәйкес өтті. Заң бұзушылық тіркелген жоқ. Арыз-шағым түспеді. Дауыс беру нәти­жесіне сәйкес Исатай ауданы әкімі болып Нұрым Мусин есімді азамат сайланды. Ол Исатай аудандық мәс­л­ихатының төрағасы қызметін атқар­ған. Ал Қызылқоға ауданы­ның әкімі лауазымы халықтың таңдауы Қанат Қадыр­жанұлына түсті.

Жалпы, бұл доданың маңызы зор. Біріншіден, өңірлердің орталық­сыз­дан­дыру мәселесіне қатысты. Тұр­ғындардың өздеріне таңдау жасауына үлкен мүмкіндік туды. Екіншіден, Президенттің реформасына сәйкес бұл жергілікті жердегі сайлау жүйесіне тың серпін берді. Халық өзі сенген адамды таңдады.

 

Азамат АЙМАНАКУМОВ,

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы